Астана қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары туралы
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 219/25-VI шешімі
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 537/73-VI шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 6-бабының 1-тармағының 4-2) тармакшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Астана қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім әділет орғандарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы | В. Досаев |
| Астана қаласы мәслихатының хатшысы | Ж. Нұрпейісов |
«КЕЛІСІЛДІ»
| Астана қаласының «Алматы» ауданының әкімі | Ә. Сәрсембаев |
| Астана қаласының «Есіл» ауданының әкімі | Е. Бөлекпаев |
| Астана қаласының «Сарыарқа» ауданының әкімі | А. Тұрлыбек |
| «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» (КШБ) мемлекеттік мекемесінің басшысы | Т. Закарьянов |
| «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» (ТРжТПРБ) мемлекеттік мекемесінің басшысы | М. Танабаев |
| «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Астана қаласы бойынша экология департаменті» РММ-нің басшысы | М. Ошурбаев |
Астана қаласы мәслихатының
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 219/25-VI шешіміне
қосымша
Астана қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау
қағидалары
1. Жалпы ережелер