Еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 282 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 171 бұйрығымен 2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкімет қаулысының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 260) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Еңбек бойынша есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1211101, индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Еңбек бойынша есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1211101, индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілік және саны туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1941110, индексі 1-Т (бос жұмыс орны), кезеңділігі жылына бір рет) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілік және саны туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1941110, индексі 1-Т (бос жұмыс орны), кезеңділігі жылына бір рет) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Қызметкерлер санын есептелген жалақы мөлшері бойынша бөлу туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1701111, индексі 1-Т (ЗП), кезеңділігі екі жылда бір рет) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;