Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 35/6-VI шешімі
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 22/3-VIII шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-195 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 28 тамызда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI шешімімен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Ю. Миронова |
| Қалалық мәслихаттың хатшысы | А. Светаш |
Өскемен қалалық мәслихатының
2018 жылғы 31 шілдедегі
№ 32/3-VI шешімімен бекітілген
Өскемен қалалық мәслихатының
2018 жылғы 20 қырқүйектегі
№ 35/6 -VI шешіміне
қосымша
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау
қағидасы