2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 22/265 шешімі
(2019.22.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 26 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2018 жылғы 30 қарашадағы «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңдарына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019.22.02. № 24/298 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 125 737 772,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 76 831 272,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 9 985 342,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 23 000,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 38 898 157,3 мың теңге;
2) шығындар - 124 201 250,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 503 275,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 6 780 391,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 6 277 116,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 616 358,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 616 358,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 416 889,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 416 889,5 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 5 780 391,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 6 283 976,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 86 695,5 мың теңге.
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019.22.02. № 24/298 шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. 2019 жылға қалалар мен аудандардың бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесідей мөлшерлерде белгіленсін: