Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 60/521-6с «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 маусымдағы № 4/35-VIII шешiмi
Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1.Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 60/521-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 85 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 бұйрығымен бекітілген Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы | Б. Нарымбетов |
Шымкент қаласы мәслихатының
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 4/35-VIII шешіміне қосымша
Шымкент қаласы
мәслихатының 2020 жылғы
31 қаңтардағы №60/521-6с
шешімімен бекітілген
Шымкент қаласының аумағын абаттандырудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер