«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы және оның аумақтық бөлімшесі туралы ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2025 жылғы 9 маусымдағы № 05-н/қ бұйрығы
(2026.11.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының м.а. 2025.20.12. № 91-н/қ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 861 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі туралы ереженің 2-тармағына, 19-тармағы 5) және 6) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының м.а. 2025.20.12. № 91-н/қ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен: