Введите номер документа
Прайс-лист

«Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 266 Қаулысы (2025.15.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датапонедельник, 24 декабря 2018
Статус
Действующийвведен в действие с 21 января 2019
Дата последнего измененияпонедельник, 15 сентября 2025

Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 266 Қаулысы

(2025.15.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

А. Мырзахметов

 

КЕЛІСІЛДІ»

«Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігі Геология

және жер қойнауын пайдалану комитетінің

«Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан

өңіраралық геология және жер қойнауын

пайдалану департаментінің басшысы

А.Ижанов

«____» ______________2018 жыл

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Энергетика

министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау

комитетінің Жамбыл облысы бойынша

Экология департаментінің басшысы

Қ.Мәдібек

«____» ______________2018 жыл

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами