«Бюджеттік кредиттерді өндіріп алуға үмітсіз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 23 маусымдағы № 427 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік кредиттерді өндіріп алуға үмітсіз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 305 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың оң жақ жоғары бұрышты мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 17 маусымдағы
№ 305 бұйрығымен
бекітілген»
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік кредиттерді өндіріп алуға үмітсіз деп тану қағидаларында:
1-тармағының бесінші және алтыншы абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8-тармақтың бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына дейінгі мерзімде «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған цифрлық жүйесіне бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен және өтелмеген берешекті растайтын мынадай құжаттарды енгізеді:»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредиттерді өндіріп алуға үмітсіз деп тану жөніндегі Өңірлік комиссия (бұдан әрі - Өңірлік комиссия) құрады.
Өңірлік комиссияның құрамы мен ережесі астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітіледі.»;
12 және 13-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: