Кейбір бірлескен бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 158-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 23 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнен кейін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция, ұлттық экономика министрліктерінің жетекшілік ететін вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы | Б. Омарбеков |
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы | А. Бижанова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитеті.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 23 мен
Қазақстан Республикасы
Сауда және
интеграция министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 158-НҚ бірлескен бұйрығына
қосымша
Өзгерістер енгізілетін кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі