Мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 187 «Рудный қаласының 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2018 жылғы 23 тамыздағы № 288 шешімі
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106 және 109-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 187 «Рудный қаласының 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7445 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағында:
1), 2) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
«1) кірістер - 15 364 588,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 12 341 382,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 35 553,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 1 453 686,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша - 1 533 967,3 мың теңге;
2) шығындар - 16 034 023,9 мың теңге;»;
көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2018 жылға арналған Рудный қаласының жергілікті атқарушы органының резерв мөлшері 135 176,5 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрағасы | А. Сагнаев |
| Қалалық мәслихат хатшысы | С. Байгужин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный
қалалық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
С. Пловайко
23.08.2018 ж.
Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының
2018 жылғы 23 тамыздағы
№ 288 шешіміне
қосымша
Мәслихаттың