Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 3 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 5 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тізілімді Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі төрағасының
2022 жылғы 11 қазандағы
№ 273/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің
мемлекеттік тізілімі
1. Мемлекеттік монополия субъектілері
| Р/с № | Мемлекеттік монополия субъектісінің атауы | Заңды мекен-жайы | Мемлекеттік монополияға жататын қызмет түрлері | Негіз |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Республика даңғылы, 56/1 | 1) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген, оларға қатысты таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою және (немесе) шұғыл шараларды жүргізу | «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 1-тармағы |