Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН АЛЫП ҚОЮҒА БА...

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 10 ноября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 10 ноября 2025

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 3/470-1139 Қаулысы

(2025.10.11. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 18 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 5 ақпандағы № 32/1-32.023/805-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы, Алмалы, Жетісу, Әуезов, Алатау және Наурызбай аудандарында орналасқан 14 (он төрт) жер учаскесін Жетісу көшесінен қала шекарасына дейін Райымбек даңғылын қайта құру және жүрдек қоғамдық көлік (БРТ) салу үшін жүріс бөлігін қайта ұйымдастыру, жаяу жүргіншілер аймақтарын, көпірлер мен велосипед жолдарын жайластыру үшін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.

3. «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды басталу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 2/262-783 қаулысының күші жойылсын.

4. Меншік иелері жугінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6-қабат, 603-кеңсе болып белгіленсін.

5. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

6. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала Жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами