Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 625 бұйрығы
(2019.13.02. берілген өзгерістермен)
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 64-бабына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.13.02. № 77 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрықтарының кейбір тармақтары және бұйрықтары жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
| Министрдің міндетін атқарушы | Р. Скляр |
1-қосымша. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.13.02. № 77 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2-қосымша. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.13.02. № 77 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің м.а.
2018 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 625 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
жойылуға тиіс бұйрықтарының және бұйрықтары тармақтарының
тізбесі