Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы №18 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 183 Қаулысы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 18 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6830 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 183 қаулысына қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 17 ақпандағы
№ 18 қаулысымен бекітілген