Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 17 наурыздағы № 248 шешімі
Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 320 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18883 болып тіркелген) сәйкес, Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Қаражал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихаттың төрағасы | З. Оспанова |
Қаражал қалалық мәслихатының
2025 жылғы 17 наурыздағы
№ 248 шешіміне 1-қосымша
Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Қаражал қалалық мәслихатының
2025 жылғы 17 наурыздағы
№ 248 шешіміне 2-қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының
тізбесі
| № | Атауы |
| 1 | Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер |
| 2 | Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері |
| 3 | Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар |
| 4 | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар |