Туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 164 бұйрығы
(2025.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2025.12.06. № 92 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2025.12.06. № 92 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында әуемен тасымалдау кезінде кәмелетке толмаған жолаушылар үшін туристік көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялауға арналған мәліметтер» туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.