Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қараша № 88 Өкімі
(2019.09.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен атауында және бүкіл мәтін бойынша «сыныптық шендер», «сыныптық шендерді», «сыныптық шендерден» деген сөздерден кейін тиісінше «, біліктілік сыныптары», «, біліктілік сыныптарын», «, біліктілік сыныптарынан» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендерді, біліктілік сыныптарын беру тәжірибесін жетілдіру мақсатында:
ҚР Президентінің 2019.09.10. № 184 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Комиссияның негізгі міндеті Мемлекет басшысының атына келіп түскен жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беру туралы ұсыныстарды алдын ала қарау және олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне тиісті ұсыныс енгізу болып табылады деп белгіленсін.
3. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін (№ 2 - қосымша).
4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жоғары әскери, арнаулы және өзге атақтар жөніндегі комиссия туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы № 3238 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 48, 468-құжат) күші жойылды деп танылсын.
| Қазақстан Республикасының Президенті | |
№ 1-қосымша ҚР Президентінің 2002.18.04. № 323 Өкімімен алып тасталды
№ 2 - қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентінің 1999 жылғы
3 қарашадағы № 88 өкімімен
бекітілген
Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары
жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер