«Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 117/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12516 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Нарядтар беруді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жаңартуға байланысты (оның ішінде, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару кезінде материалдық құндылықтардың сапалық жай-күйі мен техникалық регламенттерінің талаптарына және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігі бойынша сараптама жүргізу үшін, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін), қарызға беру тәртібімен және броньнан шығару тәртібімен жүзеге асырады.