Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгiлеу туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылғы 28 мамырдағы № 28-178 шешімі
Жетісу облыстық мәслихатының 2026 жылғы 5 ақпандағы № 34-207 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91244 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелері осы шешімінің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына (келісім бойынша) жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Г. Тойлыбаева |
Жетісу облыстық мәслихаты
2025 жылғы 28 мамырдағы
№ 28-178 шешіміне қосымша
Жетісу облысында ортақ су пайдалану
ережелері
1. Осы Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 38-бабының 1) тармақшасына, «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91244 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және Жетісу облысында ортақ су пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) су айдындары - өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар;
2) су пайдаланушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;