Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 14/3-VIII «Өскемен қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 19/3-VIII шешімі
Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 14/3-VIII «Өскемен қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191729 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған қаланың бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2024 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 92 817 468,5 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 58 087 779,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 237 919,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 7 973 831,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 26 517 939,3 мың теңге;
2) шығындар - 86 019 604,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 680 500,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 680 500,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 6 117 363,9мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -6 117 363,9 мың теңге;
қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 7 970 217,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 852 853,1 мың теңге.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Өскемен қаласының 2024 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві 590 596,2 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы | А. Светаш |