Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/6 шешімі
Осы редакция 2017 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 495-бабы 9-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың XXXX сессиясының төрағасы | А. Сапаров |
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы | Қ. Едіресов |
Облыстық мәслихаттың XXXX
сессиясының 2015 жылғы 14
желтоқсандағы № 40/6 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақы мөлшерлемелері тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.
2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері, (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Күкірт тотықтары | 20 | |
| 2. | Азот тотықтары | 20 | |
| 3. | Шаң және күл | 10 | |
| 4. | Қорғасын және оның қосындылары | 3986 | |
| 5. | Күкіртсутек | 124 | |
| 6. | Фенолдар | 332 | |
| 7. | Көмірсутектер | 0,32 | |
| 8. | Формальдегид | 332 | |
| 9. | Көміртегі тотықтары | 0,32 | |
| 10. | Метан | 0,02 | |
| 11. | Күйе | 24 | |