«Е-agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» және «Балық және басқа да су жануарларын мониторингі» бағдарламалық өнімімен интеграциялау жөніндегі кейбір мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 137/НҚ бірлескен бұйрығы
7-тармаққа сәйкес 2025 ж. 3 желтоқсанға дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Е-agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ББАЖ) және «Балық және басқа да су жануарларын мониторингі» ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі - Пилоттық жоба) іске асырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 5 және 8-тармақтарына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізгенге дейін «Smart Bridge»-де өтінім беру арқылы осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес «E-agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі бойынша «Е-agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің интеграциясының іске асырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі: