Аудиторлардың біліктілігін арттыру Қағидаларын, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі мен нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 514 бұйрығы
(2025.09.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2024.25.12. № 875 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 162) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидалары, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі мен нысаны бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 278 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4337 болып тіркелген);
2) «Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 278 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 486 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8131 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;