Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Ақмола облысының аумағында коронавирустық инфекция (COVID-19) ауруының таралуының алдын алу жөніндегі қатаң шектеу шараларын ұзарту туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 тамыздағы № 95 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Ақмола облысының аумағында коронавирустық инфекция (COVID-19) ауруының таралуының алдын алу жөніндегі қатаң шектеу шараларын ұзарту туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 тамыздағы № 95 Қаулысы (күші жойылды)
Датавоскресенье, 2 августа 2020
Статус
Утратил силу
утратил силу с 17 августа 2020

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Медицина-корпоративный, Профессиональная правовая информация, Gold+, Bin+, Silver+, Юрист-VIP

Ақмола облысының аумағында коронавирустық инфекция (COVID-19) ауруының таралуының алдын алу жөніндегі қатаң шектеу шараларын ұзарту туралы
Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 тамыздағы № 95 Қаулысы

 

Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 103 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 маусымдағы № 43, «Қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі №44, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 27 шілдедегі № 46 каулыларына (бұдан әрі- ҚР БМСДҚ №46) сәйкес және Ақмола облысының тұрғындары арасында COVID-19 2700 жағдайдың тіркелуіне байланасты, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ақмола облысының аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халық өмірінің ерекше жағдайларымен эпидемиологиялық жағдайы тұрақтанғанша дейін Ақмола облысының аумағында іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету.

2. Ақмола облысының тұрғындарына:

1) осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес бетперделерді кию алгоритмінің сақталуын қамтамасыз ету;

2) тұрғындардың тұратын жерлерінен бетпердені міндетті түрде киюмен, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып шығуына рұқсат. Ашық аспан астында 5 жасқа дейінп балаларға, сондай-ак жеке қашықтықта жіне топтық спортпен шұғылданатын адамдарға 5 адамнан аспайтын, әлеуметтік қашықтықты сактайтын адамдарға бетпердесіз рұқсат етіледі. Қоғамдық көлікте (автобус, ұшақ, пойыз, такси) бетперде кию міндетті, жеке көліктерде сол отбасы мүшелеріне үсынылады;

3) бетперделерді кию алгоритмін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ойын-сауық объектілерісіз саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамнан артық емес немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рүқсат беру;

4) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (тұмау, түшкіру, температура 38°С дейін) пайда болған кезде, учаскелік дәрігерді шақыру арқылы,

дене қызуы 38°С жоғары көтерілген кезде 103 нөмірі бойынша жедел медициналық жәрдем шақыру арқылы медиңиналық ұйымдарға бармай, тіркелген жері бойынша тез арада медиңиналық көмекке жүгіну;

5) отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, дүга), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге жол бермеу;

6) көршілерге, таныстарға, туыстарға, әріптестерге баруына жол бермеу;

7) жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сатай отырып, 30 адамнан астам (отбасы мүшелері) жиналуға жол бермеу.

3. Ақмола облысының әкімдігі, аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері:

1) көпшілік іс-шараларының (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, конференция, семинар, көрме және т.б. өткізуғе), отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, дұға), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге жол бермеу;

2) сауда - ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінщ (олардың ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда) қызметтерің тоқтата түру;

3) ойын - сауық мекемелері (караоке, бильярд, боулинг, орталықтары, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, аттракцион, балалар ойын алаңдары, батут және т.б.) кинотеатрлардың қызметтерің тоқтата түру;

4) мәдениет объектілерінің (театр, мұражай, көрме, концерт залдары және т.б.) қызметтерің тоқтата тұру;

5) балалар сауықтыру лагерлері, мектептен тыс қосымша білім мекемелері (дамыту, білім орталықтары, үйірмелер және т.б.),балалар корреңия кабинеттері, балалар мен ересектерге арналған курстардың қызметтерін тоқтата тұру;

6) мектепке дейінгі мекемелерде кезекші топтардың қызметіне рүқсат беру;

7) фудкорттардың, банкет залдарының қызметтерің тоқтата тұру;

8) спа-орталықтары, фитнес және тренажер залдары мен орталықтары, спорттық-сауықтыру орталықтары, спорт залдары, бассейндер, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, қоғамдық монша мен сауна, косметикалық және косметологиялық, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін сән салондары, шаштараздар, орталықтар мен салондардың қызметтерің тоқтата тұру;

9) туристік учаскелерде (қонақ үйлер, санаторийлер, пансионаттар, қонақтарға арналған үйлер, демалыс үйлері) тиісті аумақтың әкім орынбасарының қолы қойылған жергілікті атқару органдары жанынан құрылған мобильді топтың оң жазбаша рұқсаты болған кезде, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және бір келушіге 4 м2-ден кем емес арналған алаңды сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін уақыт бойынша шектеумен жағажайлардың қызметіне рұқсат ету. Мониторинг 2 апта ішінде-жүргізіледі, санитариялық-карантиндік шаралар сақталмаған жағдайда рұқсаттар кері қайтарылады;

10) жабық базарлардрың (азық-түлік, азық-түлік емес) қызметтерщ тоқтата тұру;

11) жәрмеңке, форум, конференция және өзге де көпшілік қатысатын іс-шараларды тоқтата тұру;

12) таза ауадағы жеке жаттығуларға рұқсат беру;

13) діни мақсаттағы объектілердщ (мешіт, церковь, собор, синагоги және т.б.) қызметтерің тоқтата тұру;

14) қалааралық, облысаралық автобус тасымалдау қызметін тоқтата тұру;

15) онлайн көрсетілмейтін қызметтер үшін «Қазпошта» АҚ-тың жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 09:00 -ден бастап 18:00 -ге деиін, сенбі күндері сағат 09:00-ден бастап 14:00-ге дейін орната отырып, жұмысын ұйымдастыру;

16) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актілері негізінде уақыты мен санын шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рүқсат беру;

17) бекітілген кесте бойынша санитариялық күн өткізе отырып, ауданы 500 шаршы метрден кем азық -түлік емес дүкендердің (барлық түрлері) жұмыс тәртібін сағат 10.00 -ден 19.00-ге дейін шектеу;

18) клиенттерге жеткізу жолы арқылы ғана ауданы 500 шаршы метрден артық азық-түлік емес дүкендердщ (барлық түрлері) қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру;

19) бекітілген кесте бойынша санитариялық күн өткізе отырып, азық - түлік дүкендердің жұмыс тәртібін сағат 09.00 -ден 21.00-ге дейін шектеу;

20) бекітілген кесте бойынша санитариялық күн өткізе отырып, ашық азық-түлік және азық - түлік емес базарлардың жұмыс тәртібін сағат 10.00 -ден 17.00-ге дейін шектеу;

21) оқшаулау талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтардың қызметіне (жазылу бойынша) рұқсат беру;

22) қоғамдық көліктщ желіге барынша шығуымен, біркелкі жүру кестесімен, отыратын орындар саны бойынша қоғамдық көліктщ толтырылуымен, 21:00 сағатқа дейін қоғамдық көліктщ жұмыс режимін шектеу;

23) жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық көмектің, мемлекеттік медиңиналық мекемелердің, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, өрт сөндірудің, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызметтердің қызметкерлерін, сондай-ақ стратегиялық объектілер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өндірістік процесін қамтамасыз ететш қызметкерлерді қоспағанда, сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Ақмола облысының елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардыц жүріп -тұруын шектеу;

24) әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдар, кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампания, өзге де ұйымдардың, сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілердің жұмысын рұқсат ету. Сондай-ақ, (штат кестесі бойынша 30 қызметкерден артық) қызметкерлердің 80%-ынан кем емес қашықтық жұмыс атқару түрінде қалады;

25) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, туризм объектілері мен тұрғындар тұратын қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, мейманханалар, демалыс үйлер, туристік базалалар, шипажайлық-курорттық мақсаттағы объектілер және т.б.) қызметін рұқсат ету;

26) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып,халыққа байланыссыз қызмет түрлерін көрсету объектілері (көлік жуу, көлік жөндеу, тү-рмыстық техника жөндеу және т.б.) жұмыс тәртібін сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектелген уақыт бойынша рұқсат ету;

27) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өндірісі токтамай жүретін өнеркәсіп кәсіпорорындардың; таза ауада құрылыс жұмыстарына, ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы қызметіне рү-қсат ету;

28) жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге деиін жұмыс кестесін орнатып, бизнес-орталықтары, (сақтандыру компания, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылар және т.б.) ваалюта айырбастау пункттері, ломбард, букмекер кеңселерінің жұмысын ұйымдастыру;

29) Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі - ХҚКО) алдын ала қатаң Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBot 2.0 Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, (арнайы ХҚКО) жұмыс кестесш орнатумен, Call орталықтарын сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін, ал демалыс күндері уақытша тоқтата түрумен;

30) адамдардың жаппай жиналуы мүмкін салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбей, бір мезгілде 30 келушіден артық болмайтын жағдайда, 30 - дан кем отыратын орыны бар объектілері үшін-есептік қуаттың 50% - ынан артық емес, үстелдер арасындағы 2 метрден кем емес және келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтап, жұмыс режимін сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін шектей отырып, үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беру;

31) такси қызметтерінщ жүруін (2 адамнан артық емес) шектеу;

32) Қазақстан Республикасының және Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің (бұдан әрі - БМСДҚ) қолданыстағы қаулыларына сәйкес шектеу іс-шараларының сақталуына мониторинг жүргізу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке санитариялық-карантиндік шараларды сақтамайтын тұлғаларды тарта отырып, әкімдіктер жанындағы жеделдетілген топтардың объектілерге іріктеп тексеру  жүрпзу;

33) халыққа COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

34) меншік нысанына қарамастан, барлық объектілердің (субъектілердщ) ҚР БМСДҚ қолданыстағы қаулыларының талаптарын сақтаудан басқа, ҚР БМСДҚ № 43 қаулысымен бекітілген алгоритмдердің, осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес санитариялық-дезинфекңиялық режимнің талаптарын сақтау;

35) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәби үйлеріне, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі мүгедек балаларға арналған оқу орындарында карантин режимі және санитариялық-дезинфекңиялық режимді сақтау;

36) ҚР БМСДҚ № 43 23-қосымшасына сәйкес жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, әрбір сапар алдында қоғамдық көліктерді, такси, өнеркәсіп аумақтарды, әуежайларды, темір жол және автовокзалдарды, супермаркеттерді, базарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, спорт снарядтарын, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен сәкілерді, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды өңдеу, басқа да объектілерді өңдеу;

37) қызметі рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимдердің сақталуын бақылау. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы кодексі негізінде тиісті әкімшілік шаралар қолдану;

38) C0VID-19 ауруымен ауыратын науқастарға медиңиналық көмек көрсетуге тартылған инфекциялық және провизорлық стационарлар қызметкерлерін тұратын орынмен қамтамасыз ету;

39) әртүрлі медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлерін бөлек орналастырумен және тамақтандырумен қамтамасыз ету (әртүрлі үй-жайларда, олардың қарым-қатынас мүмкіндігін болдырмай);

40) бір медициналық ұйымның әртүрлі бөлімшелерінің қызметкерлерін үй-жайларда болек орналастырумен және тамақтандырумен қамтамасыз ету;

41) үйден тыс тұратын инфекциялық және провизорлық стационарлар қызметкерлерінің COVID-19 таралуының алдын алуға бағытталған орналастыру, тамақтану жағдайларын және басқа да іс-шараларды орындауын бақылауды қамтамасыз ету;

42) қашықтықтан консультация беру мүмкіндігі үшін медицина қызметкерлерінің тұратын жерлерінде интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету;

43) Ақмола облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының вирусологиялық зертханасының қызметкерлерін тұратын орынмен және тамақтандырумен қамтамасыз ету;

44) медицина қызметкерлері үшін тұратын жерінен жұмысқа дейін және кері бағытта әрбір медициналық ұйым үшін көлікті қамтамасыз ету, кеишнен көлікті дезинфекциялау;

45) ҚР БМСДҚ № 46 32 қосымшаға сәйкес қауінсіздік шараларын сақтай отырып, COVID-19-дан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуді жүргізуді ұйымдастыру;

46) COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың мәиіттерін тасымалдауға арналған автокөлікпен және көмуге қатысатын адамдарға арналған жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;

47) ҚР БМСДҚ №46 сәйкес алгоритмнің сақталуын қамтамасыз ету үшш әрбір ауданда COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың мәиіттерін көму бойынша бригадаларды құру жөніндегі мәселені шешу.

4. Бурабай, Зеренді, Ерейментау аудандарының әкімдері және полиция департаментінің бастығы, Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қамтамасыз етсін:

1) Щучье-Бурабай және Зеренді курорттық аймақтарының аумағына/аумағынан 2020 жылғы 03 тамыздағы сағат 00:00 бастап 2020 жылғы 17 тамыздағы сағат 00:00-ге дейін кіруге және шығуға тыйым салу;

2) жасанды тосқауылдарды (блоктарды қою және т.б.) орнату арқылы кіруге жол бермеу бойынша іс-шаралар жүргізу;

3) полиция департаментімен, төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп Щучье-Бурабай және Зеренді курорттық аймақтарына/аймақтарынан кіру және шығу жолдарында блокбекеттерді уақытша орнатылуын қамтамасыз ету;

4) № 3 қосымшаға сәйкес Щучье-Бурабай және Зеренді курорттық аймақтарына кіруге және шығуға рұқсат беру;

5) блокбекеттерге жұмылдырылған қызметтерді қажетті жабдықтарымен, тамақпен, электр қуатпен жарақтандыру.

5. «Бурабай», «Көкшетау» МҰТП (Зеренді ауданы) қамтамасыз етсін:

1) қоғамдық жағажайлардың қызметтерін тоқтата тұру;

2) жағалаудағы аймақтар аумағында (жүзу құралдарын жалға беру пункттері (құтқару қайық станцияларын қоспағанда), азық-түлік өнімдерін, балмұздақ, сусындар, гриль, донер, шаурма және фастфудтың басқа да түрлерін, кәдесыйларды сататын сауда орындары мен дүңгіршектер мен басқа да азық-түлік емес тауарларды, қоғамдық тамақтандыру объектілерін, караоке және басқа да объектілер) сауда-ойын-сауық объектілерінің су қорғау аймағының радиусында (кемінде 500 метр) қызметін тоқтата тұру;

3) кемінде 2,5 - 3 метр қашықтықты сақтауды ескере отырып, кәдесыйларды сатуға арналған дүңгіршектерді орналастыру;

4) қоғамдық жағажайларға баруға тыйым салу туралы тақтайшаларды орнату;

5) санитариялық - карантиндік шаралар мен қоғамдық тәртіпті сақтауды бақылау мақсатында рекреациялық (жағалаудағы аймақтарды, жеке және қоғамдық жағажайларды) және курорттық аймақтарды патрульдеу.

6. Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамтамасыз етсін:

1) ҚР БМСД 2020 жылғы 27 шілдедегі № 46 қаулысының талаптарын орындау;

2) ЖРВИ белгілерімен және COVID-19-ға күдікті науқастарды анықтау мақсатында аулаларды аралап шығу;

3) ЖРВИ, пневмония белгілерімен және температурасы бар COVID-19-ға күдікті науқастарға ПТР әдісімен зертханалық тексеру жүргізу;

4) асқынуды болдырмау мақсатында, халыққа уақытылы медициналық көмекке жүғіну туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

5) созылмалы аурулары бар, «Д» есепке алынған науқастарды ерекше есепке алу;

6) эпидемиологиялық жағдайга қарамастан жүкті әйелдерге және балаларға, амбулаториялық бағдарламалық ғемодиализ алатын паңиенттерге, онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратын, сондай-ақ емдеуді ауыстыру пациенттің өміріне қауіп төндіретін аурулармен ауыратын пациенттерге жоспарлы медициналық көмек көрсетуді жалғастыруды қамтамасыз ету;

7) профилактикалық егулерді қоспағанда, МСАК ұйымдарында жоспарлы скринингтер мен профилактикалық байқаулар корсетуді тоқтата тұруға;

8) санитариялық-карантиндік талаптар қатаң сақталған жағдайда, кәсіпорындарға шығып, медициналық профилактикалық тексерулер жүргізу үшін емханаларда жеделдетілғен топтар құру;

9) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық басқармасының маманы болмаған жағдайда, мәиітті тасымалдау және жерлеу кезінде биологиялық қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылауды кестеге сәйкес бүйрықпен жауапты адамды бекіту жолымен МСАК мамандарымен қамтамасыз ету;

10) COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың мәиіттерін тасымалдауға арналған автокөлікпен және көмуге қатысатын адамдарға арналған жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету.

7. Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы қамтамасыз етсін:

1) COVID-19 расталған жағдаймен жақын байланыс ретінде қоршаған ортадан анықталған тұлғалар және симптомсыз ағымымен (тасымалдаушылар) тұлғалар үй карантинішарттарының сақталуын бақылауға жәрдемдесу;

2) қызметі рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимдердің сақталуын бақылау. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы кодексі непзшде тиісті әкімшілік шаралар қолдану.

8. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшылары қамтамасыз етсін:

1) 10-шы нұсқаның (U07.1 COVID-19, вирус анықталған, U07.2 COVID-19, вирус анықталмады) 10-шы нұсқасына сәйкес, COVID-19 және вирустық пневмониямен науқаспен әңгімелесу, хабарлама алған сәттен бастап 3 сағат ішшде COVID-19 ісін тіркеу туралы;

2) 24-ші шығарылған эпидемиологиялық тергеу картасымен 10-нұсқалы (U07.1 COVID-19 вирус анықталды, U07.2 COVID-19, вирус анықталмады) 10-шы қайта қараудың халықаралық жіктемесіне сәйкес COVID-19 және вирустық пневмонияның әрбір жағдайына эпидемиолоғиялық зерттеу жүргізу; істі тіркеу туралы хабарлама алған сәттен бастап сағат;

3) COVID-19 алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;

4) санитариялық-карантиндік талаптардың шарттарын сақтамағаны үшш әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау.

9. Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы, аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері қамтамасыз етсін.:

1) бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы 2 күн ішінде қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халыққа хабардар ету;

2) халыққа қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы жаднамалар, оның ішінде шұғыл және апаттық қызметтердің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, шектеу іс-шаралары кезеңінде көшелерде қауінсіздік шараларын, жүріс-тұрыс ережелерін сақтау туралы азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеу;

3) облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялау жүргізу.

10. Ақмола облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ-ндағы РМК-нің филиалы ҚР БМСД 2020 жылғы 27 шілдедегі № 46 қаулысының талаптарын орындалуын қамтамасыз етсін.

11. Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 4 қосымшаға сәйкес қаулысының күші жойылды деп танылсын.

12. Аумақтардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері эпидемиологиялық жағдайға байланысты өз қаулыларын (карантиндік шараларды қатаңдатуға) шығаруға құқылы.

13. Қаулы меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

14. Осы қаулыны барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізу, халықты бүқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар ету.

15. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

16. Осы қаулы 2020 жылғы 03 тамызда сағат 00:00-ден бастап, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ықтимал ұзартумен немесе жеңілдетумен күшіне енеді.

 

 

Ақмола облысыпыц

 Бас мемлекіенік санитариялық длріі ері

 

А. Мусина

 

Ақмола облысының Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 2 тамыздағы

№ 95 қаулысына 1 -қосымша

 

Қорғаныш бетперделерді кию алгоритмі

1. Қорғаныш бетперделерді кию адамдарды механикалық бөгет ретінде жүқтырудан қорғау мақсатында ұсынылады және кейбір респираторлық вирустық аурулардың, оның ішінде COVID-19 таралуын шектеуі мүмкін.

2. Халыққа арналган қорғаныш бетперделерді міндетті түрде киюі көрсетілген:

1) жабық үй-жайларда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медиңиналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және т. б.), сондай-ақ көлікте, далада болған кезде барлық адамдарға. Ашық аспан астында 5 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ жеке қашықтықта жіне топтық спортпен шұғылданатын адамдарға 5 адамнан аспайтын, әлеуметтік қашықтықты сақтайтын адамдарға бетпердесіз рүқсат етіледі. Қоғамдық көлікте (автобус, ұшақ, пойыз, такси) бетперде кию міндетті, жеке көліктерде сол отбасы мүшелеріне ұсынылады.

Осы тармақ адамды міндетті орындауға міндеттейді және бүзылған жағдайда кінәлі адамга әкімшілік шаралар қолданылады.

2) COVID-19 күдікті адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдарға;

3) COVID-19 ұқсас ауру белгілері пайда болган адамдарға (дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіруі).

3. Тек қолды антисептикалық құралмен тұрақты өндеу немесе қолды сабынмен жуумен қисындастыруда бетперделер жүқтырудан қорғаудың тиімді құралы.

4. Қорғаныш бетперделерді кию тиімділігі үшін бір рет қолданылатын медициналық бетперделерді пайдалану және кәдеге жарату ережесін білу қажет.

5. Қорғаныш бетперделерді пайдаланудың негізгі қағидалары:

1) бетпердені киер алдында қолды антисептикалық құралмен өңдеу керек немесе сабынмен жуыңыз;

2) бет пен бетперде арасындағы саңылаусыз мүрын мен аузын жабатындай бетпердені кию;

3) пайдалану кезінде бетпердені тимеу;

4) жанасу жағдайында қолды антисептикалық құралмен өңдеу және оларды сабынмен жуу;

5) егер киген кезде бетперде су болса, оны жаңасына ауыстыру және бір рет қолданылатын бетперделерді қайта қолданбау үсынылады;

6) бетпердені шешу кезінде сақтықты сақтау және өз көздеріне, мүрын мен ауызға жанаспау;

7) бетпердені шешу үшін оны артынан немесе бүиірінен (бетперденің алдыңғы бөлігше жанаспастан) резеңкеден тыс үстау және дереу қалдықтар үшін жабылатын контейнерге (пакетке) лақтыру қажет;

8) кейін қолды антисептикалық құралмен өңдеу немесе оларды сабынмен жуу қажет.

 

Ақмола облысының Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 2 тамыздағы

№ 95 қаулысына 2-қосымша

 

Менипк нысанына қарамастан, жұмыс істейтін және қызметтерін қайта бастаған барлық объектілер (субъектілер) үиіін жұмыс алгоритмі

 

Қазақстан Республикасы және Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулысында көрсетілген талаптардан басқа,барлық қызмет ететш объектілер (субъектілер), органдар мен ұйымдарда мынадай санитариялық-эпидемиологиялық қаушсіздік нормалары сақталуы тиіс:

1. Объектіге (ұйымга) инфекцияны әкелудің алдын алу.

1) жұмыс ауысымы алдында қызметкерлердщ дене қызуын өлшеп, дене қызуы көтерілген немесе инфекциялық ауру белгілері бар тұлғаларды міндетті түрде жұмыс орнынан шектей отырып, күн сайын «кіру фильтрдің» ұйымдастырылуы ұсынылады;

2) қызметкердің және онымен бірге тұратын тұлғалалардың денсаулық жағдайын сұрастыру және науқас адамдармен немесе басқа елден, облыстан, ауданнан оралған тұлғалармен қарым-қатынаста болганы туралы ақпарат алу (сұрау, сауалнама жүргізу);

3) объект кіре берісшде тері антисептиктермен (соныц шпнде орнатылган дозаторлармен) немесе дезинфекциялық майлықтармен қол өңдеу үшін арнайы орын белғілеп, ұйымдастыру;

4) қызметке қатысы жоқ тұлгаларды объектіге (ұйымға) келуді шектеу;

5) объект кіре берісінде дезинфекциялық құралдармен өңдеу арқылы дезинфекциялық барьер (кілемшелер) орнату;

6) мүмкшдігшше жұмыстың штат режимін қысқарту;

7) технологиялық процеске қатысы жоқ және қызмет көрсетпейтін персоналды барынша алыстан жұмыс режиміне ауыстыру ұсынылады.

2. Объекті (ұйым) ұжымдарында инфекцияныц таралуына жол бермеу шараларын қолдану.

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Добавление закладки

Выберите папку, куда хотите сохранить, нажав на неё:

Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!