Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 14/4 шешімі
(2024.05.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (әрі қарай - Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешіммен бекітілген Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасы 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының төрағасы | Ж. Каримова |
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
2023 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 14/4 шешімімен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2024.14.03. № 23/4 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)