«Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 1 шілдедегі № 647 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 116-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 7126 болып тіркелген, 2012 жылғы 5 маусымдағы № 292-297 (27371) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 23, 45, 46, 50, 54, 55 және 56-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13,14 және 15-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 57-қосымша алынып тасталсын;
58, 60, 61, 64, 71, 76, 87, 94, 97, 101 және 104-қосымшалары осы бұйрыққа 16, 17, 18, 19, 20, 21, 21, 23, 24, 25 және 26-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 116-қосымша алынып тасталсын;
125, 126, 127, 128 және 129-қосымшалары осы бұйрыққа 27, 28, 29, 30 және 31-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.