Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің Білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті туралы ережеге қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 112 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің Білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті туралы ереже жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Шәкизатұлы Нұрышевқа
Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің Білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті туралы ережеге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2025 жылғы 12 наурыздағы
№ 112 бұйрығына
қосымша
Жоба
Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөнiндегi комитетінің Білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кiшi комитеті туралы
ережесі
I. Жалпы ережелер
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы (бұдан әрі - қазақстандық тарап) мен Қытай Халық Республикасы (бұдан әрі - қытайлық тарап) арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету мақсатында,
2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетін құру туралы келісім негізінде,