Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 427 «Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларын және индекстерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 431 Қаулысы
Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 427 «Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларын және индекстерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5951 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары және индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.