Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 408 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің және оның облыстық аумақтық инспекцияларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 18-5/520 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11594 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақтың 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) Осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;
3) осы бұйрықтан шығатын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі,