Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығы
(2013.08.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесінің 9-тармағын іске асыру мақсатында, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеменің нысаны бекітілсін.
2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты аумақтық әділет органдарының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Әділет министрінің 2010.31.12. № 346 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2013.08.08. № 268 бұйрығымен (бұр.ред.қара) нысан өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2006 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 240 бұйрығымен
бекітілген
Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеменің
нысаны
______________________________________________________________
(нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және нормативтік құқықтық актінің тақырыбы)
-анықтама-негіздеме
| №№ | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | |