Текелі қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы
Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11-59 шешімі
(2024.16.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9, 75-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының 2024.04.04. № 16-82 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.28.05. № 18-89 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.16.07. № 20-94 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1)кірістер 6 552 363 мың теңге:
салықтық түсімдер 1 018 049 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 15 253 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 25 400 мың теңге;
трансферттер түсімі 5 493 661 мың теңге;
2)шығындар 6 635 150 мың теңге;
3)таза бюджеттік кредиттеу 1 168 648 мың теңге:
бюджеттік кредиттер 1 170 204 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 1 556 мың теңге;
4)қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5)бюджет тапшылығы (профицитi) (-) 1 251 435 мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 1 251 435 мың теңге:
қарыздар түсімі 1 170 204 мың теңге;
қарыздарды өтеу 30 124 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 111 355 мың теңге.
2. Қаланың жергілікті атқарушы органының 2024 жылға арналған резерві 21 260 мың теңге сомасында бекітілсін.