«Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 175 бұйрығы
2012 жылғы 18 қаңтардағы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таныстыруға және таратуға жатады.
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2017 жылғы 11 мамырдағы
№ 175 бұйрығына
қосымша
«Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 110 бұйрығына
2-қосымша
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі
комиссияның құрамы
Абаев Дәурен Әскербекұлы | Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі, комиссия төрағасы |
Әжібаев Алан Ғазизұлы | Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі, комиссия төрағасының орынбасары |