
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ

ЭЛЕКТРЛЕНГЕН ТЕМІР ЖОЛДАРДАҒЫ ЭЛЕКТРОКОРРОЗИЯДАН ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖƏНЕ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
Жалпы техникалық талаптар
ҚР СТ 1465-2005
Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрлігінің Техникалық реттеу жəне метрология комитеті
(Мемстандарт)
1 Қолданылу саласы
2 Нормативтік сілтемелер
3 Терминдер мен анықтамалар
4 Жалпы ережелер
5 Электрленген темір жолдардағы электрокоррозиядан қорғау тəсілдерін таңдауға арналған талаптар
6 Электрленген темір жолдардағы адасқан токтардың көзіне қойылатын талаптар
7 Электрокоррозиядан арналған қондырғылар мен құралдарға, өлшеуіш аппаратураларға жəне техникалық бақылау құралдарына талаптары.
8 Қабылдау ережелері жəне сынақ əдістері
9 Электрокоррозиядан жер асты металл құрылымдары мен конструкцияларын қорғау жұмыстарын жасағандағы қауіпсіздік талаптары
10 Таңбалау, орау, тасымалдау жəне сақтау
11 Жасаушының кепілдері
Қосымша (анықтамалық). Библиография
1 Қолданылу саласы
Осы стандарт жаңадан жасалатын жəне негізгі конструкциялары жаңғыртылған жер асты металл құрылымдарын жəне электрленген темір жолдардағы конструкцияларды электрокоррозиядан электрохимиялық арнайы қорғау құрылғыларына жəне құралдарына таратылады жəне пайдалану шарттары бойынша, сондай-ақ тартушы желі мен жылжымалы құраманың жұмыс істеу тəртібін есептеп механикалық жəне климаттық факторлардың əсер ету бөліміндегі сынау əдістерін жəне талаптарын орнатады.
Жер асты құралдарын электрокоррозиядан (активті жəне пассивті) жəне электрленген темір жолдардың адасқан токтарының көзі болып табылатын нысандардың элементтерінен қорғау техникалық құралдарын жобалағанда жəне жасаған кезде осы стандарттың талаптарын есептеу жəне орындау тиіс.