Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № а-7/182 Қаулысы
(2025.22.12. берілген өзгерістермен)
Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2024.04.10. № a-10/165 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 22 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жақсы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2025.02.12. № а-10/272 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жақсы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жақсы ауданы әкімі | А. Кадралина |