«Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 маусымдағы № 54 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33105 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерлер және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;»;
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жеке сәйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;»;
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бірінші санаттағы ӘКС - азаматтардың мынадай санаттарын:
мүгедектігі бар адамдарды;
мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ананы және басқа да заңды өкілдерді;
зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде);
балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін - жиырма тоғыз жасқа дейін;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды - босатылғаннан кейін алпыс ай ішінде;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды;