Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 тамыздағы № 8С-29-1 шешімі
Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жақсы аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190781 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 3740703,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1249262 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 9115 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6178 мың теңге;
трансферттер түсімі - 2476148,2 мың теңге;
2) шығындар - 3908624,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 11468 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 27690 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 16222 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - (-179389,3) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 179389,3 мың теңге.»;
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2024 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 8000 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы | А. Бралина |
Жақсы аудандық мәслихатының
2024 жылғы 15 тамыздағы
№ 8С-29-1 шешіміне
1 қосымша
Жақсы аудандық мәслихатының
2023 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 8С-17-1 шешіміне
1 қосымша
2024 жылға арналған аудандық бюджет
| Санаты | Сома мың теңге |
| Сыныбы |
| | Кіші сыныбы |
| | | Атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | 1. КІРІСТЕР | 3740703,2 |
| 1 | | | Салықтық түсімдер | 1249262 |
| 01 | | Табыс салығы | 267055 |