Введите номер документа
Прайс-лист

Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Алматы қаласында Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісім (Нью-Йорк, 2024 жылғы 27 қыркүйекте) (қолданысқа енген жоқ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 27 сентября 2024
Статус
Не введен в действиевводится в действие с

Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Алматы қаласында Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы

КЕЛІСІМ

 (Нью-Йорк, 2024 жылғы 27 қыркүйекте)

 

ҚР 2025 жылғы 19 мамырдағы № 190-VIII Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрі жеке-жеке Тарап деп, ал жиынтығында Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - ҚР Үкіметі) мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі (бұдан әрі - АҚШ Үкіметі) төменде баяндалған шарттарда осы Келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты.

 

 

1-бап

 

1.1 ҚР Үкіметі АҚШ Үкіметіне мына көшелердің: Жамақаев көшесінің, әл-Фараби даңғылының, Сейфуллин даңғылының, Алдар Көсе көшесінің арасында орналасқан ауданы (70593 шаршы метр) жер учаскесін (бұдан әрі - жер учаскесі) Алматы қаласында Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын (бұдан әрі - консулдық ғимараты) салу және пайдалану үшін жер учаскесін жалға беру шарты жасалған күннен бастап 49 жыл мерзімге жалға береді.

1.2 Жер учаскесінің дәл орналасқан жері мен оның шекаралары осы Келісімге 1-қосымшада келтірілген картада көрсетілген.

1.3 Егер Тараптар өзгеше келіспесе, 1.1-тармақта көзделген әрбір бастапқы 49 жылдық кезең және әрбір кейінгі жалдау кезеңі аяқталғаннан кейін жалдау мерзімі автоматты түрде келесі 49 жылдық кезеңге ұзартылады.

1.4 Бастапқы 49 жылдық жалдау мерзімі үшін және кейінгі ұзартылған барлық 49 жылдық кезеңдер үшін (жалпы ұзақтығы шектелмейтін) жер учаскесі үшін жалдау ақысының мөлшері 25301016 АҚШ долларын құрайды және осы Келісім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде осы Келісімнің 13-бабына сәйкес бірыңғай төлеммен төленетін болады. Жалдау ақысы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі АҚШ Үкіметіне хабарлайтын банк шотына төленеді.

 

 

2-бап

 

Документ не введен в действие

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами