Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 8 бұйрығы
(2024.13.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Бас Прокурорының 2024.04.07. № 87 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасына, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12-6) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектiлерiне, сондай-ақ Комитеттiң аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.