Инновация және қызмет көрсету статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 5 бұйрығы
(2020.28.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2020.28.12. № 2 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Инновациялық қызмет туралы есеп» (индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Инновациялық қызмет туралы есеп» (индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Лизингтік қызмет туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (индексі 1-лизинг, кезеңділігі жылдық) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Лизингтік қызмет туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (индексі 1-лизинг, кезеңділігі жылдық) толтыру жөніндегі нұскаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп» (индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;