«Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 20 ақпандағы № 78-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 193 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15403 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларында:
3-тармақта:
1-тармақтың төртінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттік каталог - Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген барлық музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық ресурс;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: