Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 34 бұйрығы
(2021.03.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021.03.12. № 42 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Еңбек бойынша есеп» (индексі 1-Т, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Еңбек бойынша есеп» (индексі 1-Т, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Еңбек бойынша есеп» (индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Еңбек бойынша есеп» (индексі 1-Т, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер саны туралы есеп» (индексі 1-Т (Еңбек жағдайы), кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны;