Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы
Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № БМСД-5 Қаулысы
(2022.10.02. берілген өзгерістермен)
Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 19 ақпандағы № БМСД-7 Қаулысымен күші жойылды
Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып (Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдай тұрғысынан 2022 жылдың 13 қаңтарындағы бағалау матрицасына сәйкес Ақтөбе облысы қызыл аймақта), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі № 38, 2021 жылғы 10 қыркүйегіндегі № 42, 2022 жылғы 27 қаңтарындағы № 7 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, аумақтық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына, құқық қорғау және арнайы органдарға, ұйымдар мен мекемелер басшыларына, меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлік субъектілеріне, Ақтөбе облысының тұрғындарына қамтамасыз ету:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысын іске асыруға;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес персонал мен келушілердегі қауіпсіз «жасыл» мәртебесі бар болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысын іске асыруға;
3) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері уақыт бойынша жұмыс режимі белгіленбейді;
4) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда (вакцинациялау немесе ревакцинациялау, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) қызметі шектеусіз;
5) жолаушылар ағынын төмендету және халықтың көп жиналуын болдырмау мақсатында «қарбалас сағаттарда» қоғамдық көлік санын ұлғайту;
6) 10.09.2021 жылғы ПГГСВ-42-нің 3-қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып, күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге рұқсат беру (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда);
7) Ұлттық құрамалар, клубтық командалар үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, денемен жанаспайтын әдіспен дене қызуын өлшеу, спорт базаларында тұру) рұқсат беруді;
8) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат беруді;
9) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып көшедегі азық-түлік саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмысына (оның ішінде тез дайындалатын тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофені, көкөніс шатырларын және т.б. сататын объектілердің) рұқсат беруді;
10) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі № 38 қаулысының 23 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы арасында COVID-19 таралу қаупін азайту жөніндегі алгоритмді сақтауды;
11) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі № 38 қаулысының 12 қосымшасына сәйкес, автомобиль вокзалдарының жұмыс істеу алгоритмін сақтауды;
12) мынадай ұйымдардың/объектілердің:
қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, өзге де объектілер);
халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің;
мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);
халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар);
жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, автомобиль, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің;
білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың;
санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);
қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтардың;
барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);
денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың;
дәріхана ұйымдарының;
тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, кондоминиум объектілерінің басшылары (пәтер иелерінің кооперативтері, мүлік иелерінің бірлестіктері және басқалар);
экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың;
демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);
байланыс және телекоммуникация объектілерінің;
өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ұйымдасқан ұжымдардың;
қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің, күштік құрылымдардың, мемлекеттік органдардың COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмыскерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді;
13) осы қаулының 1 тармағының 12 тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін міндетті түрде ПТР-тестілеуді (7 күнде 1 рет) қамтамасыз етсін.
Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.10.02. № БМСД-6 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдері, Ақтөбе облысының білім басқармасы, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері оқытуды қамтамасыз етсін:
1) 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін;
2) Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарының басшылары «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялык-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.
3) қосымша білім беру ұйымдар, білім беру орталықтары - штаттық форматта;
4) жоғары оқу орындарында және колледждерде - практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн.
3. Ақтөбе облысының тұрғындарына:
1) респираторлық инфекцияның алғашқы симптомдары (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) пайда болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру жолымен медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде медициналық көмекке дереу жүгіну;
2) қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып тамақ ішкен жағдайда және бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде), қоғамдық орындарындағы ашық ауада болған кезде барлық адамдарға медициналық немесе мата бетперделерін міндетті түрде тағу.
4. Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысының аудан әкімдеріне, Ақтөбе облысының полиция департаментіне, Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшыларына:
мониторингтік топтарымен объектілер мен қоғамдық көліктерде күндізгі және түнгі уақытта шектеу карантиндік шараларының орындалуына бақылау күшейтілсін.
Бұзушылықтар анықталған жағдайда 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылсын.
5. Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына:
1) COVID-19 күдігі бар адамдарды уақытылы анықтау және оқшаулау үшін барлық денсаулық сақтау объектілерінде сүзгілердің, пациенттердің бүкіл ағынының дене температурасын өлшеуге арналған тепловизорлары бар шлюздердің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуді;
2) бейінді мамандардың науқастарды қабылдау кезінде кезектердің туындауына жол бермеу, екпе алу, клиникалық-диагностикалық зерттеулерден өту үшін (шұғыл жағдайлардан басқа пациенттерді алдын ала жазылу бойынша қабылдау), медициналық ұйым басшысының бұйрығымен медициналық ұйымның әрбір қабатында профилактикалық іс-шараларды бақылау және қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерді айқындау, персонал мен пациенттердің лас аймақтан таза аймаққа ауысуын болдырмау;
3) пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіні бойынша бөлек бөлу, стационарлардың аймақтарға бөлінуі мен жұмыс режимін қатаң сақтау, медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігін сақтау;
4) меншік түріне қарамастан стационарларда карантинді сақтауды жалғастыру.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалына:
- COVID-19 ошақтарында қорытынды дезинфекцияны мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, интернат үлгісіндегі оқу орындарында жағдайлар тіркелген кезде ҰСО филиалдары жүргізу.
7. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жаппай хабардар етуді жүргізсін.
8. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
9. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтарындағы № БМСД-2 қаулысы мен ««Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтарындағы № БМСД-2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 21 қаңтарындағы № ПГГСВ-4 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
10. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері | Р. Қойшанова |
Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы 28 қаңтардағы
№ БМСД-5 қаулысының
1 қосымшасы
«Ashyq» жобасына қатысатын, әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысы
| № | Объектілер/ салалар | Қызыл аймақ |
| 1. | Мейрамхана, дәмхана және кофеханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда), банкет залдары (мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету) | толтырылуы 60%-дан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі |
| 2. | Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) | рұқсат етіледі |
| 3. | Сұлулық орталықтары мен салондары, СПА-орталықтары, шаштараздар, маникюр мен педикюр, косметикалық және косметологиялық қызметтерін көрсететін салондар | алдын ала жазылумен рұқсат етіледі |
| 4. | Сауналар, бассейндер | рұқсат етіледі |
| 5. | Облысаралық, қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | рұқсат етіледі |
| 6. | Отельдер, қонақ үйлер | рұқсат етіледі |
| 7. | Білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін) | рұқсат етіледі |
| 8. | Автомобиль вокзалдары, автостанциялар, автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері | рұқсат етіледі |
| 9. | ХҚО | рұқсат етіледі |
| 10. | Банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері | рұқсат етіледі |
| 11. | Сауда алаңы 1000 ш.м-ге дейінгі қоса алғанда (азық-түлік емес) сауда желілері | рұқсат етіледі |
| 12. | Базарлар (жабық) | рұқсат етіледі |
| 13. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармония | толтырылуы 60%-дан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі |
| 14. | Бильярд, боулинг | толтырылуы 60%-дан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі |
| 15. | Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда | толтырылуы 60%-дан артық емес болған жағдайда рұқсат етіледі |
| 16. | Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары, букмекерлік конторалары | бір адамға кемінде 4 ш.м. алаң қамтамасыз ету кезінде рұқсат етіледі |
| 17. | Балалар ойын-сауық орталықтары (жабық) | толтырылуы 60%-ға артық емес, бір адамға кемінде 10 ш.м. алаң қамтамасыз ету кезінде рұқсат етіледі |
Ақтөбе облысының
Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы 28 қаңтардағы
№ БМСД-5 қаулысының
2 қосымшасы
Персонал мен келушілердегі қауіпсіз «жасыл» мәртебе бойынша
«Ashyq» жобасына қатысатын бар болған кезде әлеуметтік-экономикалық
объектілерінің жұмысы
| № | Объектілер/ салалар | Қызыл аймақ |
| 1. | Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, ас беру) өткізу | Шектеусіз |
| 2. | Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар |
| 3. | Көрмелер |
| 4. | Марафондар (ашық ауада) |
| 5. | Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар |
| 6. | Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығуларды қоса алғанда), фитнес-орталықтары, йога-орталықтары |
| 7. | Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық етуді өткізу) |
| 8. | Ойын клубтары |
| 9. | Түнгі клубтар |
| 10. | Караоке |
| 11. | Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда алаңы 1000 ш.м-ден асатын (азық-түлік емес) сауда желілері |
| 12. | Сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері |
| 13. | Бассейндер |