Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 48 шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 10 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ КАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрайымы | А. Ержигитова |
Жангелдин
аудандық мәслихатының
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 48 шешіміне
1-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары
1. Жалпы ережелер