Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 60/521-6с шешiмi
(2020.14.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидалары бекітілсін.
2. «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы | Н. Жанабаев |
| Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы | Г. Ташкараев |
Шымкент қаласы мәслихатының
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 60/521-6с шешімімен бекітілген
Шымкент қаласының аумағын абаттандыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер