«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 462 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттерінің 2 және 8-тармақтарына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерін бекіту туралы» 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9295 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының айырым белгілерінде:
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы: