Введите номер документа
Прайс-лист

«Ауылдық елді мекендердің әлеуетін айқындауға арналған өлшемшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 50 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 10 июня 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 23 июня 2025
Дата последнего изменениявторник, 10 июня 2025

Ауылдық елді мекендердің әлеуетін айқындауға арналған өлшемшарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 50 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған ауылдық елді мекендердің әлеуетін айқындауға арналған өлшемшарттар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Премьер-Министрінің орынбасары -

Ұлттық экономика министрі

 

 

С. Жумангарин

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігінің

Ұлттық статистика бюросы

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

орынбасары - Ұлттық

экономика министрі

2025 жылғы 10 маусымдағы

№ 50 бұйрықпен бекітілген

 

 

Ауылдық елді мекендердің әлеуетін айқындауға арналған

 өлшемшарттар

 

Жіктеу факторлары

Өлшем бірлігі

Шекті мәндер

Көрсеткіштер (балл)

1. Экономикалық блок (40 балл)

Жер ресурстары

Егістік, гектар

> 10 000

3

< 10 000

(гектар/10000)*3

Жайылымдар, гектар

> 10 000

3

< 10 000

(гектар/10000)*3

Шабындықтар, гектар

> 3 000

3

< 3 000

(гектар/10000)*3

Іскерлік белсенділік

Ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны

>3

3

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами