Цифрлық майнерлерге қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 164/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 49 бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес цифрлық майнерлерге қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі | А. Куантыров |
| Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі | Б. Мусин |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 26 сәуірдегі № 49
мен Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі 2023 жылғы 25 сәуірдегі
№ 164/НҚ бұйрықтармен
бекітілген
Цифрлық майнерлерге қатысты цифрлық активтер саласындағы
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ