2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № С-10/2 шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 63 219 446,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 47 733 205,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 349 488,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 163 359,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 12 973 394,0 мың теңге;
2) шығындар - 61 760 893,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 328 545,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 36 920,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 365 465,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо -0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 787 098,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 1 787 098,0 мың теңге.
2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52 бабының 1 тармағына сәйкес кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерінде белгіленді:
1) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%;
2) Көкшетау қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша - 100%;
3) Көкшетау қаласының бюджетіне ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша - 50 %.
3. Қалалық бюджет шығындарында 29 922 412,0 мың теңге сомасында облыс бюджетіне бюджеттік алымдар алу қарастырылғаны ескерілсін.
4. 2024 жылға арналған қалалық бюджет шығындарында 781 088,0 мың теңге сомасында кент, ауылдық округ бюджетіне бюджеттік субвенциялар қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде: