«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 20 желтоқсанда № 674 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 1019 бұйрығы
2018 жылғы 29 қазандағы № 187-VI «2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 20 желтоқсанда № 674 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 қарашадағы
№ 1019 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 674 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2017 - 2021 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымы
Миссия. Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету, халық пен бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Пайымы. Қаржы министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі жалпыұлттық мақсатқа қол жеткізуге бағытталған.
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару
1-стратегиялық бағыт. «Қаржы жүйесінің орнықтылығына жәрдемдесу»