Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Карантиндік және шектеу шаралары туралы» Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 31-Қ Қаулысы (2021.27.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Карантиндік және шектеу шаралары туралы» Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 31-Қ Қаулысы (2021.27.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Документ входит в комплект(ы):

Международное законодательство, Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Карантиндік және шектеу шаралары туралы
Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 31-Қ Қаулысы

(2021.27.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 7 қазандағы № 35-Қ Қаулысымен күші жойылды

 

Мен, Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ю.Л. Залыгин, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VІ ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 38, 85, 102, 104 және 107-баптарына сәйкес, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қарсы міндетті профилактикалық етулер жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық егілуге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен, «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және туындау және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 293/2020 бұйрығымен. «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі ДСМ-78/2020 бұйрығымен (бұдан әрі - ДСМ-78/2020), «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47/2021 бұйрығымен (бұдан әрі - ДСМ-47/2021), Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 22 маусымдағы хаттамасымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ) талаптарына сәйкес, COVID-19 (бұдан әрі - КВИ) жаңа коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың тіркелуінің жалғасуына байланысты және Қарағанды облысының тұрғындары арасында КВИ одан әрі таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қарағанды облысының аумағында кәсіпкерлік және өзге де қызмет пен халықтың өмірінің ерекше жағдайлары бар карантин режимі ұзартылсын.

2. Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарына:

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.27.09. № 34-Қ Қаулысымен 2.1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2.1. адамдардың жаппай жиналуына байланысты іс-шараларды (мерекелік іс-шараларды, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференцияларды, семинарларды, көрмелерді, форумдарды, сондай-ақ отбасылық, атаулы іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу, туған күндер, шығарып салу», құдалық», той», «беташар» және т.б.) ұйымдастыруға, өткізуге және оларға баруға, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады, осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес талаптарды сақтаған жағдайда қызметкерлер мен келушілер мәртебесі «қауіпсіз» болған жағдайда, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде осы іс-шараларды өткізуді қоспағанда;

2.2. қызметі қайта басталмаған немесе тоқтатыла тұрған объектілерге (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, батуттар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер және ойын клубтары) баруға тыйым салынады, сондай-ақ, «Ashyq» пилоттық жобасы іске асырылатын объектілерді қоспағанда, олардың жұмыс режиміне сәйкес жабылғаннан кейін объектілерде болуға тыйым салынады;

2.3. қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте сапар шегу кезінде) және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.

2.4. респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (мұрыннан су ағуы, түшкіру, температура) пайда болған кезде медициналық ұйымдарға бармай-ақ, дереу үйге 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті шақыру қажет;

2.5. жерлеу іс-шараларын өткізу кезінде кемінде екі метр қашықтықты сақтай отырып, 10-нан астам адамның жиналуына жол бермеу;

2.6. 65 жастан асқан адамдарға елді мекендер мен қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруды шектеу ұсынылсын;

2.7. осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қорғаныс маскаларын кию қағидаларын сақтау.

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.08.09. № 32-Қ Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әкімдері, құқық қорғау және арнайы органдар, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар, Қарағанды облысының кәсіпкерлік субъектілері карантин кезінде мыналарды қамтамасыз етсін:

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.27.09. № 34-Қ Қаулысымен 3.1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3.1. осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық, оның ішінде «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілердің шектеулерін іске асыру және жұмысына рұқсат беру;

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.27.09. № 34-Қ Қаулысымен 3.2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3.2. ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, атаулы іс-шараларды (банкеттерді, үйлену тойларын, мерейтойларды), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес талаптарды сақтаған жағдайда қызметкерлер мен келушілер мәртебесі «қауіпсіз» болған жағдайда, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде осы іс-шараларды өткізуді қоспағанда;

3.3. мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға, өткізуге және оларға баруға тыйым салу;

3.4. ұлттық құрамалар, клубтық командалар үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беруді (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);

3.5. қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;

3.6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеумен Қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді;

3.7. медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, балалар үйлерінде, сәбилер үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде әлеуетті ата-аналардың оларды одан әрі асырап алуы, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін жетім балалармен кездесу үшін балалар үйлері мен сәбилер үйлеріне баруына рұқсат етіледі.

Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы теріс нәтижесі бар, берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде баруға рұқсат етіледі;

3.8. осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық кампанияларға, бизнес-орталықтарға және басқа да кеңселерге қойылатын талаптарды сақтауды;

3.9. осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарын аймақтарға бөлуді және олардың жұмыс режимін сақтауды;

3.10. осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес, COVID-19 кезінде жеке қорғану құралдарын пайдалану алгоритмін сақтауды;

3.11. осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату алгоритмін сақтауды;

3.12. осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес өнімді көтерме және бөлшек сауда (сақтау) объектілеріне қойылатын талаптарды сақтауды;

3.13. осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес, автосалондардың, автобөлшектер дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету станцияларының (вулканизациялау, автожуу) қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;

3.14. осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес, қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу) қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;

3.15. осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес, халық үшін фитнес, спорт кешендері қызметтерін көрсету жөніндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;

3.16. «Ashyq» жобасына қатысқанына қарамастан, театрларға, кинотеатрларға, концерт залдарына және филармонияларға репетициялар ұйымдастыру және өткізу және олардың қызметін тоқтата тұру кезінде осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес, мәдениет объектілеріне қойылатын талаптарды сақтауды;

3.17. халыққа қызмет көрсету объектілерінің (типографиялық қызметтер көрсететін объектілер, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) және өзге де объектілердің қызметіне қойылатын талаптарды осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес сақтауды;

3.18. осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілерге (қонақ үйлер, отелдер, мотелдер, хостелдар т.б.) койылатын талаптарды сақтауды;

3.19. әуежайлар, теміржол және автомобиль вокзалдары жұмысының алгоритмін 14-қосымшаға сәйкес сақтауды;

3.20. осы қаулының 15-қосымшасына сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы дала жұмыстарына, табиғат қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларына тартылған ұйымдар мен қызметкерлердің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;

3.21. осы қаулының 16-қосымшасына сәйкес тұрақты жолаушылар тасымалын (жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау) жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысына койылатын талаптарды сақтауды;

3.22. СПА және массаж салондарының, моншалардың, сауналардың, бассейндердің қызметіне қойылатын осы қаулының 17-қосымшасына сәйкес сақтауды;

3.23. осы қаулының 18-қосымшасына сәйкес, санаторий-курорттық мақсаттағы объектілерге, демалыс үйлеріне қойылатын талаптарды сақтау және жағажайлардың, оның ішінде рұқсат етілмеген жағажайлардың жұмыс істеуін тоқтата тұруды;

3.24. діни объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтау 19-қосымшасына сәйкес;

3.25. осы қаулының 20-қосымшасына сәйкес қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс алгоритмін сақтауды;

3.26. тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру ұйымдары қызметінің алгоритмін осы қаулының 21-қосымшасына сәйкес сақтауды;

3.27. профилактикалық дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу алгоритмін осы қаулының 22-қосымшасына сәйкес сақтауды;

3.28. пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйесі мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін осы қаулының 23-қосымшасына сәйкес сақтауды;

3.29. өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік объектілерде, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілерде санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралар алгоритмін осы қаулының 24-қосымшасына сәйкес сақтауды;

3.30. медициналық-әлеуметтік объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін осы қаулының 25-қосымшасына сәйкес сақтауды;

3.31. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы арасында COVID-19 таралу қаупін азайту жөніндегі алгоритмді осы қаулының 26-қосымшасына сәйкес сақтауды;

3.32. өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындардың, құрылыс компанияларының (құрылыс салушылардың) жұмыс алгоритмін осы қаулының 27-қосымшасына сәйкес сақтауды;

3.33. осы қаулының 28-қосымшасына сәйкес, стоматологиялық клиникалар қызметінің алгоритмін сақтауды;

3.34. осы қаулының 29-қосымшасына сәйкес, COVID-19 диагностикасы үшін зертхананы өрістетуге уақытша ұсынымдарды сақтауды;

3.35. осы қаулының 30-қосымшасына сәйкес, экскурсиялық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарды сақтауды;

3.36. қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, COVID-19-дан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуді осы қаулының 31-қосымшасына сәйкес жүргізуді;

3.37. COVID-19-ға жататын контингентті зертханалық осы қаулының 32-қосымшасына сәйкес тексеруді;

3.38. осы қаулының 33-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;

3.39. шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде компьютерлік клубтарға, бильярд залдарына және боулингтерге койылатын талаптарды осы қаулының 34-қосымшасына сәйкес сақтауды;

3.40. шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде спорт жарыстарын өткізуге қойылатын талаптарды осы қаулының 35-қосымшасына сәйкес сақтауды;

3.41. осы қаулының 36-қосымшасына сәйкес, шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде ойын-сауық парктерінің жұмысына қойылатын талаптарды сақтау және аквапарктардың, оның ішінде ашық ауадағы аквапарктардың қызметін тоқтата тұру;

3.42. осы қаулының 37-қосымшасына сәйкес, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде банкет залдарына, түнгі клубтарға, караокеге қойылатын талаптарды сақтауды;

3.43. кейінге қалдырмайтын шешімді талап ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда азаматтарды жеке қабылдауды, кеңестерді, семинарларды және т.б. қызметкерлердің жеке қатысуымен күндізгі режимде өткізуге тыйым салу. Оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда осы қаулының 38-қосымшасына сәйкес алгоритмнің қатаң сақталуын қамтамасыз етуді;

3.44. COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19-мен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) мынадай ұйымдардың / объектілердің қызметкерлері үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберілуін шектеу:

- қызмет көрсету жөніндегі объектілерді (Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, Екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттер, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық қызметтер, тігін ательелері, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, оргтехниканы жөндеу сервисі, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, маникюр мен педикюрдің, косметологиялық қызметтердің қызметтерін көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер);

- өнімдер мен халық тұтынатын тауарлардың көтерме және бөлшек сауда (сақтау) объектілерін, оның ішінде базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;

- мәдениет және демалыс объектілері (мұражайлар, мұражай-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);

- халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілерді (қонақ үйлер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және басқалар);

- жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар, әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;

- білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беруді дамыту және түзету орталықтары (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттар және басқа да мектептен тыс ұйымдар;

- санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілер (санаторийлер, үйлер/базалар/демалыс аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);

- қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын, стрит-фудтар;

- барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілер (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар);

- Денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар;

- дәріхана ұйымдары;

- тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілері (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау ұйымдары, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару бойынша, үй-жайлар мен аумақтарды дезоөңдеу бойынша, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және ось және басқалар);

- экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;

- демалыс объектілерін, ойын-сауық ойын объектілерін (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтар, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);

- байланыс және телекоммуникация объектілері;

- ірі ұйымдасқан ұжымдар (өнеркәсіптік кәсіпорындар);

- қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, әлеуетті құрылымдар және мемлекеттік органдар;

3.45. осы қаулының 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған қызметкерлері үшін (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет);

3.46. соңғы 3 ай ішінде COVID-19-мен ауырып жазылған адамдар, сондай-ақ «Профилактикалық егулерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығына сәйкес профилактикалық егулерге тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жатпайды. КВИ-ға қарсы вакцинациялауға медициналық қарсы айғақтардың болуы туралы анықтаманы учаскелік дәрігер (ол болмаған жағдайда фельдшер) жұмыс орнына ұсыну үшін (қажет болған жағдайда) береді. Бұл ретте диагноз пациенттің келісімі бойынша көрсетіледі;

3.47. қызметкерлер арасында жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, профилактикалық етулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аударсын;

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.27.09. № 34-Қ Қаулысымен 3.48-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3.48. «Ashyq» жобасын объектілерде іске асыруды және енгізуді жалғастыру:

1) фитнес-клубтар, соның ішінде йога орталықтары;

2) спа-орталықтары;

3) монша, сауна, бассейндер;

4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;

5) боулинг клубтары;

6) кинотеатрлар;

7) театрлар мен филармониялар;

8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;

9) асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері;

10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;

12) бильярд клубтары;

13) концерт залдары;

14) ерікті қатысушылар;

15) караоке;

16) көрмелер

17) океанариум;

18) марафондар;

19) көрермендермен спорттық іс-шаралар;

20) аэропорттар;

21) лотерея клубтары және лотереяны өткізудің өзге де нүктелері;

22) балалар ойын-сауық орталықтары (жабық);

23) цирктар;

24) отельдер, қонақүйлер;

25) халыққа қызмет көрсету орталықтары;

26) теміржол вокзалдары және автовокзалдар;

27) базарлар (жабық), сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері (азық-түлік емес);

28) балаларды сауықтыру орталықтары (қызметкерлер (персонал) үшін);

29) букмекерлік кеңселер;

30) Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;

31) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білімі беру ұйымдары (педагогтер, персонал, ата-аналар (заңды өкілдер), 18 және одан жоғары жастағы білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен 12 жастан асқан балалардың QR-кодын сканерлеген жағдайда ерікті тіркеумен));

32) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;

33) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтер, персонал, ата-аналар (заңды өкілдер), келушілер, білім алушылар үшін);

34) діни объектілер;

35) ойын клубтары (казино);

3.49. 3.48-тармақшаға сәйкес «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру үшін жобаға қатысушылардың тізімін айқындау осы тармақтың;

3.50. осы қаулының 39, 40, 41, 42-қосымшаларына сәйкес объектілерде «Ashyq» жобасын енгізу және осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес шектеулер белгілеу;

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.27.09. № 34-Қ Қаулысымен 3.51-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3.51. Халықты, жеке және заңды тұлғаларды «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажеттілігі туралы хабардар ету», оның ішінде басқа платформалар (мысалы, EGOV mobile, Aitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк, платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін;

3.52. әкімдіктердің сайтында «Ashyq» жобасына катысушылар, оның ішінде тестілік режимге қатысушылар мен ерікті катысушылар туралы ақпаратты, «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесі берілген жобаға қатысушылар тізімін орналастыру;

3.53. зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуі және оларды Ұлттық сараптама орталығының бірыңғай интеграциялық порталына (ҰСО БЭЖ) беруі;

3.54. Call-орталықтарын ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдау;

3.55. халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізу;

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.27.09. № 34-Қ Қаулысымен 3.56-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3.56. 12 жастан асқан балалардың компьютер клубтарына, цирктерге, кинотеатрларға, балаларды сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қала аралық туристік тасымалдауларға, QR-кодты сканерлеу кезінде ерікті тіркей отырып, ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен «Ashyq» қосымшасында, оның ішінде басқа да платформаларда (мысалы, EGOV mobile, Aitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк, платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz);

3.57. осы қаулыға 40 және 41-қосымшаларға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптарды бұзушылықтардың профилактикасы бойынша мониторингтік топтар жұмысының тиімділігі;

3.58. жобаға жосықсыз қатысушылардың ресми тізімдерінің InfoKazakhstan.kz электрондық платформаға уақтылы енгізу, QR-кодты өшіру;

3.59. демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат ету (сенбі және жексенбі):

- осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлеріне сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінде - сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларында - сағат 02.00-ге дейін, «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) қызметкерлер мен келушілерде. «Жасыл мәртебенің» болуына қойылатын талаптар облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдарға, қонақ үйлерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, Теміржол вокзалдарына, білім беру объектілеріне, ЖОО-ларға, колледждерге, интернаттарға және білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;

- қалаішілік қоғамдық көлік;

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.27.09. № 34-Қ Қаулысымен 3.60-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3.60. осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлеріне сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын барлық объектілердің жұмыс күндері жұмысына рұқсат етілсін;

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.27.09. № 34-Қ Қаулысымен 3.61-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!